ОСК Мәжілістің экс-депутаты, "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен президенттікке үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді білу емтиханын тапсыра алмады деп хабарлады.
Жұматай Әлиев Президент лауазымына кандидаттықтан шықты. Комиссия үміткер емтиханға берілген уақытты толық пайдаланғанын айтты. Жазбаша жұмыста қателіктер жіберілген.
Жұматай Әлиев 1952 жылы
20 маусымда туған. Ленинград мемлекеттік
университетін және Алматы халық
шаруашылығы институтын бітірген.
Еңбек
өтілін 1975 жылы АГМИ оқытушысы болып
бастады, кейін ЛКЖМК Алматы қалалық
комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс
істеді.
Әр жылдары Қазақстан халықтары
ассамблеясы атқарушы хатшылығының
меңгерушісі - ҚР Президенті Әкімшілігі
қоғамдық-саяси бөлімінің сектор
меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі
Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің
орынбасары қызметтерін атқарды.
2001-2008 жылдары Қазақстан халқы
Ассамблеясы төрағасының орынбасары
болды.