ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов елордада өткен баспасөз мәслихаты кезінде жыл басынан елімізде 16 полиция қызметкері пара алғаны үшін ұсталғанын айтты.
«2020 жылдың басынан бері 16 полиция қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Ұсталғандардың арасында жол-патрульдік полициясының қызметшілері, тергеушілер, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті құрамындағы мекемелердің өкілдер бар. Статистикалық ақпаратқа қарағанда, әр өңірде бір адамнан анықталды. Биыл Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарында мұндай фактілер тіркелмеді. Алған параның ең көбі 100 мың теңгені құрады. Ал кеше Петропавлда екі млн теңге сомасында полицейдің пара алу күдігіне іліккені белгілі болды», - деді Арман Саданов.
Департаменті басшысының сөзінше, жыл басынан бері 18 полицей көлікті мас күйінде басқарған.