Өскеменге қайта қыс түсті

15 мамыр, 15:37

Шымкент тұрғындары ыстықтап жүргенде, Өскеменде қар жауды. Облыс орталығына қыс қайта оралды.

Шығыс Қазақстанның бірқатар елдімекендерінде күн айтарлықтай суыды. Тұрғындар болса, жылы киімдерін қайтадан сандықтан шығаруға мәжбүр болды.

15 мамырда сағат 7.00-де Өскеменде ауа температурасы Цельсий бойынша небәрі екі градусты құрады. Қар ұшқындады. Дегенмен, метеорологтар бұл көпке созылмайтынын айтып отыр.

16-17 мамырда көшпелі бұлт шығады. Күндіз плюс 10-нан плюс 13 градусқа дейін жылып, түнде-минус 3-5 градус суық болады деп болжануда.

Республиканың барлық аумағында жақын күндері күн суытады. 30 градустық ыстықтан кейін күндізгі ауа температурасы 17-22-ге дейін, шеткі солтүстікте 8-13-ге дейін төмендейді.