Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің брендімен интернет-дүкен жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Димаш» атты интернет-дүкеннің тауарларын халыққа жеткізу мақсатында бүгін «Қазпошта» АҚ басшылығы мен әншінің әкесі Қанат Айтбаевтың арасында серіктестік туралы келісім жасалды.