​Түркістан облысында автоұрылар қолға түсті

03 қазан, 05:52

Түркістандық полицейлер автокөлік ұрлығын жасады деген күдікпен Жетісай ауданының үш тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқиға Жетісай ауданында орын алған. Жергілікті тұрғын аудандық полиция бөліміне меншігіндегі автокөлігінде ұрлық жайты орын алғанын айтып шағым түсірген. Арызда белгісіз азаматтар көлік иесінің жоқтығын пайдаланып оның темір тұлпарындағы магнитола мен құжаттарын және өзге де бағалы заттарын қолды еткені көрсетілген. Бұл оқиға бойынша полицейлер «ұрлық» бабымен іс қозғап, жедел іздестіру шарасына кіріседі. Екі апта ішінде тәртіп сақшылары күдікті ретінде жергілікті жердің үш тұрғынын ұстады және олардан айғақ заттар тәркіленіп алынды.

Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілердің үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.