Шымкенттің коммуналшылары ашық жатқан люктерді ақыры жапты

12 қараша, 11:18

​Шымкенттің коммуналшылары дер кезінде үн қатты. БАҚ беттерінде ата-аналардың шағымдары жарияланған соң «Махараджа» орталығының жанындағы шұңқырлардың беті жабылды.

Еске салайық, elitar.kz редакциясына Оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары шағымданған болатын.

Енді Орталық саябаққа апаратын өткелдегі шұңқырларға арнайы қоршау қойылды. Ал каналды тазалаумен айналысатын жұмысшылар келесі жолы шұңқырлардың бетін ұзақ уақытқа ашық қалдырып кетпеуге уәде берді.

Айта кетейік, бұған дейін қала тұрғындары жекеменшік клубтың жанында ондаған шұңқырдың беті ашық екенін хабарлаған болатын. Ал Қазақстан бойынша жыл сайын осындай беті ашық шұңқырлардың кесірінен қайғылы жағдайлар тіркеліп тұрады. Біз коммуналды қызметкерлерді өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға, ал тұрғындарды абай болуға шақырамыз.