Саратовта пойыз бен автобус соқтығысып, төрт қазақстандық қайтыс болды

17 қараша, 18:10

Саратов облысында автобус пен жүк пойызы соқтығысып қалды. Бұл туралы шұғыл қызметтерге сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

"Салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың барлығы - Қазақстан азаматтары", - деді дереккөз.

Апат Озин ауданында орын алды. "Саратовтан Оралға бара жатқан автобус реттелмейтін теміржол өткелінде жүк пойызымен соқтығысып қалды", - деп нақтылады шұғыл қызметтегілер. Автобуста барлығы жеті адам болған. Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандар - автобус жолаушылары.
Соқтығысуға автобус жүргізушісінің темір жол өткелінің ережелерін бұзуы себеп болыпты.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының облыстық өкілдерінің хабарлауынша, төтенше жағдай салдарынан пойыз қозғалысы кешіктірілген жоқ, теміржолдар зақымдалмаған.
Көлік прокуратурасы тексеруді бастады.
"ЖКО фактісі бойынша тексеру басталды", - деп хабарлады Саратов облысындағы Ершов көлік прокуратурасындағылар.
Приволжской темір жолының (РТЖ филиалы) баспасөз хабарламасында соқтығысудың себебі жол қозғалысы ережелерін бұзу болды деп айтылған.
"Жұмыс істеп тұрған автоматты өтпелік сигнал беру кезінде жеті адам болған Mercedes жолаушылар автобусының жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызының алдында темір жол өткеліне шықты. Оқиға салдарынан автобустың төрт жолаушысы қайтыс болды, үшеуі түрлі дәрежедегі жарақат алған, олар аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО - ның себебі - автокөлік жүргізушісінің теміржол өтпесін кесіп өту кезінде жол жүру ережесін өрескел бұзуы", - делінген хабарламада.