Шымкентте мектептердің біріне белгісіз азамат газ баллонын (перцовый газовый баллончик) сеуіп кетті, деп xабарлайды Elitar.kz.
Оқиға бүгін орын алған. Полицейлерге «103» жедел медициналық көмек қызметінен Шымкент қаласындағы мектептердің бірінде бұрыш баллонды сепкендігі туралы хабар келіп түскен. Тәртіп сақшылары мектеп оқушыларымен болған жанжал барысында газ баллонын колледж оқушысы сепкенін анықтады. Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293, яғни, «бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.