​Шымкентте қарсы бағытта жүйткіген көлік жүргізушісі әп-сәтте ұсталды (видео)

11 желтоқсан, 13:24

Жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісінің құқықбұзушылық сәтінің видеосы кеше кешкі сағат 20.00-лар шамасында тарап кеткен болатын, деп хабарлайдыElitar.kz.

Видеода «БМВ» көлігінің Д.Қонаев даңғылы бойында жолдың қарсы бағытында жүйткіп бара жатқанын көруге болады.

Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына , оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер айтуынша, тәртіп сақшылары ережені бұзған жүргізушіге жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кетерлігі, қарама-қарсы бағытқа шығу секілді жол қозғалысы ережелерін бұзған кез келген жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.