12 желтоқсан, 10:01
«Humana» балалар қоспасы таза болып шықты. Оны сатудан алып тастау туралы шектеудің күші жойылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
«Humana» балалар қоспасы зертханада тексеріліп, соның нәтижесінде қоспаға қойылған шектеулер алынып тасталды.
«Еске сала кетейін, осы аптаның басында сіздер бізден Шымкент қаласында сәби балалар қоспасынан уланған болуы мүмкін екенін сұраған едіңіздер», - деді баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин.
Бас санитар дәрігердің айтуынша, «Humana» балалар қоспасы тексерілген.
«Біз «Humana» балалар қоспасын тексердік – тауарды жеткізушіден де, сол қоспаны сатып алған дәріханалар желісінен де алдық, бұған қоса сәбидің ата-анасының үйіндегі қоспаның қалғанын да алдық. Бүгінгі таңда олардың ешқайсысының құрамынан сынап табылмады. Сондықтан, бүгінгі күннің бірінші жартысында өнімнің осы партиясын сатуға және барлық шектеулерді алып тастауға тапсырма берілді. Біз «Humana» балалар қоспасының тек бір партиясын сатуды ғана шектеген едік. Мұқият зертханалық тексеруден соң бүгінгі таңда «Humana» балалар қоспасы туралы сұрақ жабылды. Тағы да қайталап айтамын, біздің мемлекеттік орган тек нақты нәтижелер туралы ғана хабарлайды. Зертханалық тексерулер Шымкенттегі халықаралық дәрежеде сертификатталған зертханада жүргізілді», - деді Ж.Бекшин.
Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Шымкентте екі айлық нәрестенің сынаптан уланғаны туралы хабарланған болатын. Ата-анасының айтуынша, олар балаға берген қоспадан сынап түйіршектерін тапқан. Дегенмен, бұл қоспаны сараптамаға беруден үзілді-кесілді бас тартты.
Автор:
Elitar.kz