​ШҚО-да өртенген үйде екі бала мерт болды

12 желтоқсан, 16:31

Бірнеше сағат бұрын Ұлан ауданындағы Каменка ауылынан шыққан өрттің салдарынан 3 жасар қыз бен бір жасар сәби мерт болды, деп жазады Elitar.kz ШҚО ТЖД сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, өрт шыққан кезде әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге шығып кеткен. Құтқарушыларға көршілері хабар беріпті. Үйден сәбилердің жансыз денесін алып шыққан да сол азамат.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалар жатын бөлмедегі диванның бұрышына тығылыпты. Қазіргі таңда өртке қатысты балалардың отпен ойнауы мүмкін деген болжам тексерілуде. Алдын ала болжам бойынша өрт 100 шаршы метр жерден шыққан.