Бұдан былай Шымкент жастарына жұмыс табу оңай болады. Қалалық отбасы, балалар және жастар істері басқармасы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған "Professional" жобасын іске асыруда.
Жоба аясында 30 мамыр күні сағат 09: 00 - де қалалық Жастар ресурстық орталығы 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастарды қаланың ірі компанияларымен кездесуге шақырады! Жоба бойынша жас шымкенттіктерге 30-дан астам бос жұмыс орнын ұсыну көзделген.
Мекен-жайы: Жастар
ресурстық орталығы (Түркістан көшесі,
1 үй), тел.: +7 705 419 4288
Толық ақпаратты
@resurstyq_ortalyq парақшасынан табуға болады