Қытай, Корея мен Иран азаматтарына Қазақстанға келуге тыйым салынбақ

05 наурыз, 17:20

"Ведомствоаралық комиссия 8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея мен 1 санатқа енген ел азаматтарының Қазақстанға кіруі тоқтатылды. Осыған байланысты біз бүгін барлық әуе компанияларға, шетелдік авиа компанияларға радиограмма бердік, Сеул - Алматы, Сеул - Нұр-Сұлтан маршруты бойынша ұшуға тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жіберіледі. Біздің кейбір азаматтарымыз, әрине, үшінші елдер арқылы келеді, үшінші елдер арқылы келетін басқа елдерден транзиттік жолаушылар да бар. Сондықтан да біз басқа әуе компанияларына 1-санаттағы ел азаматтарының Қазақстанға 8 наурыздан бастап кіруге тыйым салынатынын мәлімдедік",-деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.