Ол 9 наурыз күні Германиядан келген.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп "Қазақстан" телеарнасының эфирінде мәлім етті.
"Ол адам да коронавирусты алғаш жұқтырған қазақстандық Германиядан келген күні әуе рейсінде болған. Ол үй карантиніне жатқызылған",-деді Ахметшәріп.
Ер кісі денсаулығы нашарлаған тұста жедел жәрдем қызметін шақырған.
"Ол Алматыдағы көп профильді ауруханаға жатқызылды. Коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті. Жағдайы бірқалыпты",-деді министрлік өкілі.