12 қыркүйек, 12:30
Жақын арада әскерге шақырылушылардың бірінші командасы азаматтық борышын орындауға аттанады. Қазіргі уақытта жастар медициналық комиссиядан өтуде.
Шымкенттен 700-ге жуық жасты шақыру жоспарланған. Бірінші қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментте медициналық комиссиядан, тесттерден және әңгімелесу кезеңдерінен өтеді.
Азаматтарды мерзімді қызметке шақыру бойынша барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылады.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жас буынды шақыру басталғанға дейін казармалық-тұрғын үй қорын, монша-кір жуу комбинаттарын, асханаларды, оқу-материалдық базаны нормалық сәйкестікке келтіруді тапсырды
Автор:
Elitar.kz