Атырауда үстіне ыстық сорпа төгілген 3 жасар сәби қайтыс болды

20 маусым, 13:45

Термиялық күйіктен бөбектің екі аяқ-қолы, бөке аймағы, ұрты мен екі білегі, екі жамбасы зақымданған. Бала үшінші дәрежелі күйіпен жансақтау бөліміне шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер аман алып қалуға тырысқанымен, мүмкін болмады.

«Өлім себебі: ағзаның жалпы интоксикациясы және жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі. Науқасты Нұр-Сұлтанға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілген жоқ, өйткені мұндай науқастар облыстық балалар ауруханасы деңгейінде ем алады»,- деді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.