17 мамыр, 12:00
Кентауда 2013 жылы беттеріне бетперде киіп, қаруланған төрт белгісіз тұлға 69 жасар кейуананың үйіне терезесін бұзу арқылы кіріп, аяқ-қолдарын скотчпен байлап тастап, ұрып-соғады. Содан соң темір сейфтегі 1 миллион теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кетеді.
Кентау қалалық ІІБ қызметкерлері анықтағандай, Шымкент қаласындағы жазаны өтеу мекемесінде қамауда отырған 1989 ж. «Н» есімді қылмыскердің осы қылмысқа қатысы бар екені дәлелін табады.
Тергеп-тексеру жұмыстары барасында ол аталған қылмысты жалғыз істемегенін және «тентек Мура», «Тутрин» лақап атты тұлғалармен бірлесе жасағанын айтады. Полицейлер бес жылдың ішінде аталған тұлғаларға қатысты тиісті дәлелдерді жинақтайды.
Жоғарыдағы дерек бойынша атқарылған тергеп-тексеру жұмыстары нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар айында қылмыскерлер толық кінәсін мойындайды.
Басқа қылмыспен Семей қаласындағы жазаны өтеу мекемесінде қамауда отырған 1986 ж. «тентек Мура» Шымкент қаласына ауыстырылып, 1989 ж. «Тутрин» Түркістан қаласынан қамауға алынады.
Аталған дерек бойынша күдіктілерге қатысты Кентау ҚІІБ-мен ҚР ҚК-нің «қарақшылық» бабымен айыптау актісі түзіліп, сотқа жолданған.
Кентау қалалық соты «тектек Мураны» 20 жыл 6 айға, «Н» есімді қылмыскерді 12 жылға және «Тутринді» 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабалдайды. Қазіргі таңда қылмыскерлер жазасын өтеу үстінде.