Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мемлекеттен балаларға берілетін жәрдемақының мөлшері де өзгеріп тұрады
АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Қазақстанда ана мен баланы қорғау, демографиялық жағдайды жақсарту мен бала тууды ынталандыру шаралары аясында бірнеше мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған. Sputnik Қазақстан биыл жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншаға өскенін және кімдерге берілетінін анықтады.
Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.