Түркістан облысы, Мақтаарал аудадық полиция бөліміне 10-нан астам жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын көрсеткен. Олардың айтуынша, ұялы телефондарына белгісіз ер адам хабарласып, «1 млн теңге ұтыс ұттыңыз» деп сенімдеріне кірген. Аталған ірі көлемдегі қаражатты алу үшін тұрғындардан 10 000-30 000 теңге көлемінде ақша алған. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркелді. Полицейлер жедел әрекет етіп, тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Тұрғындарды алдаған күдікті жұмыссыз, жас жігіт екені анықталды. Ол ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты»,-делінген ведомства мәліметінде.