Жалдамалы тұрғын үй үшін 12 000 теңге - жұмыс істейтін жастарға акция

04 шілде, 10:20

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Жастардың өз өмірлік циклі бар: ол оқып, жұмысқа орналасады және келесі мәселе - үйлену. Бізде ажырасудың деңгейі жоғары. Мен бұл негізгі мәселе деп айта алмаймын, бірақ көптеген мәселенің бірі, әрине. Биыл жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бұл жас мамандар мен отбасыларға қолдау көрсету. Әр қалада Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 1000 пәтерден. Біз отбасы әлі аяққа тұрмағанша сатып алу құқығын бермейміз. Үйленіп, балалы болып, үйге ақша жинайды. Бізде 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы бар, ТҚЖБ, Бәйтерек желісі бойынша, бірақ ол үшін тұрғын үйге ақша жинау керек. Ал егер барлық ақша тұрғын үйді жалға алуға кетсе, қалай жинайсыз", - деді Жұлдыз Омарбекова Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер акцияның басталу мерзімі туралы да айтып берді.

"Қыркүйекте құжаттарды қабылдау басталады,тұрғын үй ережесі (алу) біздің сайтта 1 тамызда жарияланады. Бұл, ең алдымен, 29 жасқа дейінгі жастар, егер олардың қосымша отбасылары немесе асырауында мүгедек ата-аналар немесе мүгедек балалар болса, онда олар қосымша бонустарға ие болады. Жалға берілетін тұрғын үй 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қазір жергілікті атқарушы органдармен және басқа да министрліктермен ақылдасудамыз", - деді ол.

Вице-министр жалға берілетін тұрғын үй үшін төлеуге тиісті болжамды соманы айтты.

"Сіз жалға алу үшін шамамен 10-12 мың теңге төлейсіз. Бұл жинақтау үшін жеткілікті сома. Ең маңызды шарт – бұл ТҚЖБ-да шот ашу. Бұл бастапқы кезеңде жас отбасылар мен жастарды қолдауға арналған бағдарлама. 3-5 жыл ішінде ипотеканы алу үшін пәтерге ең төменгі жарна жинақтау. Одан кейін ол отбасылық немесе еңбек өмірінің басында көмек қажет болатын басқа да жастарға үйді босатуы керек", - деді ол.