Шымкент қаласын 12 "періште" қорғайтын болды

27 қараша, 19:00

Бұл туралы Ғабидолла Әбдірахымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.

"Періштелер" ашылу салтанаты 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні деп жоспарланған Арбатта пайда болады.

"Қала тұрғындарына қыдырып жүретін жер керек болған соң Бейбітшілік көшесін жауып тастап, Арбат салдық. Негізі ол көшеде бұған дейін де қозғалыс аз болатын. Және біз онда адамды өзіне тартып тұратын керемет күш болуы керектігін ескердік. Мұнда келген адам өзін қорғап тұрғандай ерекше сезімде болуын ойладық. Сондықтан 12 "періште" қойдық. 1 желтоқсанда Арбаттың ашылуы болады. Мен барлығын шақырамын. Келіңіздер, сіздер таң қаласыздар, тіпті қаладан кетерде жылап қоштасатын боласыздар" деп қосты Ғабидолла Әбдірахымов.