Түнгі екіде өрт сөндірушілер пультіне Қарағандының көпқабатты үйлерінің екінші қабатында пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру және АҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Ауладағы күрделі жолдарға қарамастан өрт сөндірушілер шақырту орнына жедел келіп жетті.
Өрт орнына келген кезде
тоғыз қабатты үйдің кіреберісінде қатты
түтін шығып, адамдар балкондарға шыға бастаған.
Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын
жасап, подъезд тұрғындарын эвакуациялау
бойынша құтқару жұмыстарын жүргізді.
Құтқару
қақпағының көмегімен подъезд арқылы
өрт сөндірушілер 8 адамды далаға
шығарды.
Тұрғындарды құтқарудың барлық
үрдісін тек подъезд арқылы ғана жүзеге
асыруға тура келді. Үйде өздігінен
қозғала алмайтын қарт адамдар болғандықтан,
дереу автосаты орнату туралы шешім
қабылданды.
3 қарт адам автосаты
арқылы биіктіктен аман-есен жерге
түсірілді.
Сонымен қатар, өрт
сөндірушілер екінші қабаттың терезесі
арқылы үш иінді сатымен есінен танып
қалған қызды таза ауаға шығарып, жедел
жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Өрт
сағат 03:07-де сөндірілді. Бір бөлмелі
пәтерде үй заттары, жиһаз, ағаш терезе
және есік блоктары жанған.
Подъезден
өртке қарсы қызмет жауынгерлері 12 адамды
құтқарып, 47 адамды эвакуациялады .
Оқиға
орнында Қарағанды облысы ТЖД өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстары
қызметінің 35 адамы мен 10 техникасы
жұмылдырылды.