Бұл - ішкі істер министрлігінің өз қатарындағы тәртіпті нығайту бойынша қолға алынған іс-шаралар кешенінің жалғасы, ол тәртіп сақшыларының құқық бұзуының алдын алуға бағытталған, деп жазады Elitar.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шаралар қаңтар айының соңында басталып, бірнеше кезеңмен өтетін аттестациядан басталады. Бұл емтиханнан барлығы өтеді: министрліктің департаменттері мен облыстағы департамент басшылары Жоғарғы аттестациялық комиссияда; министрліктегі есептік-бақылау қызметкерлері саналатын басқа мамандар орталық аттестация комиссиясында сынақ тапсырады. Өңірлердегі тексеруді министрлік жетекшілері мен өңірлік маңызға ие басқа да аттестациялық комиссиялар жүргізеді.
Қаңтар айының соңында ІІМ жоғарғы құқықтану білімі бар тұлғалар қатарынан 1200-ге жуық маманды жұмыс қабылдайды. Үміткерлер алдымен үш айлық қысқа мерзімді курста оқиды, одан кейін Қазақстанның полиция академияларында алты ай оқиды.