13 жастағы қазақстандық оқушы Денис Теннің құрметіне өз туындысын шығарды

17 қазан, 12:13

Ол өзінің композициясын Central Asia's Got Talent шоуында орындады. Дарынды композиторға қазылар алқасы мен шоу көрермендері орындарын тұрып қол шапалақтады.
13 жасар Нұрәлі Бейсекожаның айтуынша, ол Денис Теннің теледидар арқылы сөйлеген сөздерін жиі көрген. Оның қайғылы өлімі туралы білгеннен кейін талантты композитор Денистің мұз айдынындағы қозғалысын "Промелькнувшая звезда" музыкалық композициясы арқылы көрсетуге тырысқан. "Ол маған қатты ұнап жүрді. Ол біздің Қазақстанды паш етті. Ол қайтыс болғанын білгенде, мен қайғырдым. Осылайша мен оның құрметіне композиция жасауды шештім", - деді Нұрәлі.


Қазылар алқасы мүшелерінің бірі - Серік Ақышев бұл композицияға мұз айдынында би қоюына көмектесуге уәде берді.