Шымкентте 13 жастағы жасөспірім газдан уланып көз жұмды

08 қаңтар, 13:01

​Мамандардың айтуынша, бұл қайғылы оқиға жуынатын бөлмеде ешбір қауіпсіздік шарасы сақталмай орнатылған газ колонкасынан орын алған.

Жан түршігерлік оқиға, 5 қаңтар күні Шымкенттегі жеке тұрғын үйлердің бірінде орын алды.

Оқиға орнына 16 сағат 02 минутта келіп жеткен авариялық бригада үйден газ құралдарын орнату монтажының бұзылуын анықтады. Жуынатын бөлмеде қолдан жасалған жылыту қазандығы мен "Лидер" маркалы ағынды су жылытқышы орнатылған. Бұл ретте гофрленген құбыр қабырғадан шатырдың астындағы көшеге шығарылған.

Мамандар қала тұрғындарын кезекті рет өз газ жабдығын тағы да тексеруге, түтін мұржасындағы тартқыштың болуын тексеретін мамандардың көмегіне жүгінуге шақырады.