12 баланы дүниеге әкелген 34 жастағы Айсұлу Жәлелқызы туралы алғашқылардың бірі болып ELITAR.KZ порталы кең көлемді бейнематериал жария еткен болатын. Онда көпбалалы ана шеттей 13 жасында тұрмысқа шуғуына мәжбүр болғанын, бүгінде бала-шағаны бағуда көріп отырған қиыншылығы мен өзінің өмірінен сыр шертті. Сонымен қатар кейде балаларға ішерге ас таппай қатты қиналамын деген ол жергілікті бір азаматтың демеушілігімен бір айға уақытша баспанада тұрып жатқанын, оның мерзімі өткен соң қайда барарын білмейтіні туралы айтып, елден көмек сұраған еді. Алтын құрсақты ананың тілегі қабыл болып, бір ай уақыт өтпей баспанаға ие болды. Бұл туралы шымкенттік тұрғынның өзі бейхабар болыпты. Тікелей эфир кезінде қуаныштың көз жасын тый алмады.
«Бізді «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Шаңырақ» бағдарламасына шақырды. Барлық шығынды өздері мойнына алды. Бес бөлмелі пәтердің сыйға берілетінін тікелей эфир кезінде айтты. Шынымды айтсам, қатты қуанып отырмын. Барша қайырымды жандарға алғысым шексіз. Алла разы болсын»,-деді көпбалалы ана ELITAR.KZ порталы тілшісіне.
Айта кетейік, 12 балалы отбасының баспаналы болуына «Қарекет» қайырымдылық қоры себепші болған.
Айсұлу Жәлелқызы туралы бейнематериалды төменнен көре аласыздар.