Түркістан облысының полицейлері жоғалған 14 жастағы қызды Шымкент қаласынан тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Темірлан елдімекенінің тұрғыны Түркістан облысының Ордабасы аудандық полиция бөліміне өзінің кәмелетке толмаған қызы 21 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. 14 жастағы мектеп оқушысын іздестіруге Ордабасы АПБ-нің толық құрамы жұмылдырылды.
Тәртіп
сақшылары жан-жақты іздестіру
шараларын жүргізіп, қыздың қайда екенін
дөп басып анықтаған.
«Нәтижесінде
жоғалған жасөспірім табылып, ата-анасына
қайтарылды. Қазір полицейлер болған
оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.
Қыздың анасы Нұргүл Дүйсенбекова полиция
қызметкерлеріне алғыс білдірді», -
делінген ведомство
хабарламасында.