Шымкентте 15 жастағы жасөспірім улы газдан көз жұмды

17 қараша, 18:00

Қайғылы оқиға 16 қарашада Шығыс мөлтекауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғаға өз еркімен лоджияға газ колонкасын орнату себеп болыпты.

15 жастағы жасөспірімнің денесі лоджияда табылды. 102 кезекші қызметінің айтуынша, пәтерді ашқанда газдың қатты иісі сезілген.

Газтализатор улы газдың қауіпті концентрациясын көрсеткен. Пәтер желдетілгеннен кейін полицейлер ішке кірген.
Бұл уақытта ағынды су жылытқыш қосылған, жуынатын бөлмеде су кранын ашық болған. Мамандар анықтағандай қабырғада орнатылған желдеткіш дұрыс орнатылмаған.