Бұрынғы білім вице-министрі бір ай ішінде 15,3 мың доллар айыппұл төлеуге міндеттелді

10 шілде, 11:41

Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева 2500 АЕК (шамамен 16,4 мың доллар) көлемінде айыппұл төлейді. Сондай-ақ ол мемлекеттік органдар мен компанияларда қызмет атқара алмайды. Мұндай үкімді сәрсенбі, 10 шілде күні судья Бақытжан Есенов шығарды, деп хабарлайды "Vласть"басылымы.

Суханбердиева тергеу изоляторында бір айдан астам уақыт өткізгенін (тергеу изоляторында бір күн төрт АЕК-ке тең) ескере отырып, оның айыппұл сомасы 15,3 мың долларды құрайды. Айыппұл бір ай ішінде төленуі тиіс.

Сот Суханбердиеваның бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатқа үкім заңды күшіне енгенге дейін өзгертті. Ол қамаудан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу және заңсыз кәсіпкерлік қызметке күдікті ретінде ұсталған болатын.