17 жастағы қазақ қызы бие сүтінен косметика өндіруде

10 қыркүйек, 18:17

Бие сүтінен жасалған косметика! Дәл осындай өнімді павлодарлық 17 жастағы Даяна Мукина шығаруда. Студент қыздың тауарлары сублимацияланған бие сүтін қоспасымен ерекшеленеді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz. хабарлады.

Даяна Мукина Павлодар облысының дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатын тәмамдаған. Бүгінгі таңда Astana IT University оқу орнының бірінші курсында білім алауда. Жас кәсіпкер кофе скрабы, бетке арналған клинсер және бет пен денеге арналған гель шығарады. Барлық өнімдердің негізі - тек табиғи және пайдалы заттар.

"Косметика терінің барлық түрлеріне жарамды.Оны ересектер де, балалар да қолдана алады. Бие сүтіндегі қоспа теріні құрғақ немесе майлы қылмайды және ыңғайлы орта жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан косметика бетінде жаңа бөртпелер мен пиллингтің пайда болуына жол бермейді. Өнім практикалық гипоаллергенді. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Саумалыдан басқа, біз әртүрлі майларды, яғни кокос, карит, какао қосамыз. Олар қосымша күтім жасайды, ылғалдандырады және теріні нәрлейді. Ал бие сүті қабыну мен қышуды жеңілдететіп, құрғақ және сезімтал теріге нәзік күтім жасайды" ,- дейді жас кәсіпкер.