Жалаңаш күйінде суретке түскен 18 жасар бойжеткен өзін қорқытып-үркітіп жатқанын мәлімдеді

26 желтоқсан, 09:38

Шырын Нарчаева Instagram желісіндегі парақшасына видео жүктеп, өзіне айтылып жатқан қорқытулар мен үркітулер туралы мәлімдеді. Алдында бір ай бойы мән бермеп едім дейді қыз.

"Бірақ соңғы айта шектен шығып кетті. Туыстарыма тиісіп, қайда тұратынымды сұрайтындар көбейді. Мен қорқып кеттім. Ал бүгін соңымнан аңдып жүрді. Мен не үшін кешірім сұрауым керек?!", - дейді бойжеткен.


Айта кетейік, желі қолданушылары Шырынның көз жасын шынайы емес деп, хайпқа бағалауда. Видео жарияланған басқа аккаунттардың қолданушылары одан да қатаң сынады. Кейбіреулері бойжеткенді ресейлік атышулы Шурыгинаға теңеп, тіпті, қызды қорқытып-үркіткендерді қолдап отыр.
Шырын бұған дейін батылырақ болып, хейтерлеріне басқаша жауап берген болатын. Алдымен өзінің жалаңаш суретін ғана көріп, елде не болып жатқанын білмейтін жандарды сынады. Кейін өзінің әрекетін қайталайтындар бола ма деген сұраққа "Қызығушылар бар кезде, жалаңаш суреттерге қарайтындар бар кезде мұндай құбылыс болады!" деп жауап берген.
Сіз қалай ойлайсыз, Шырын осындай пікірге лайықты ма?