Шымкентте өзбекстандық 2 азамат иіс газынан мерт болды

13 қараша, 15:50

Қайғылы жағдай 13 қараша күні болған. Көрші елдің 3 азаматы үш бөлмелі шағын үйде тұрып, жұмыс істеп келген.

Олар баспананы жылыту үшін электрлі пеш пен 4 конфорлы газ плитасын пайдаланыпты. Ал газтың темір торының орнына кірпіш қойған.

Үйді тексерген мамандардың сөзінше, жатын бөлмеде ешқандай желдету жүйесі болмаған. Иіс газы үйдің ішінде жинала берген.
Соның салдарынан 1976 және 1983 жылы туған екі ер кісі иіс газына уланып қалды. Ал 35 жастағы үшінші азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілді.