Шымкенттен солтүстікке көш жалғасып жатыр. Кадр тапшылығын тартқан павлодарлық делегация еңбекқор шымқалалықтарға ұсыныстарымен келіпті, деп хабарлайды Elitar.kz тілшісі.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінде жергілікті халықпен кездескен қонақтар солтүстікке қоныс аудару шарттары түгел қамтылған мемлекеттік бағдарламаны егжей-тегжейлі түсіндірді.
40 шақты бос жұмыс орнын ұсынып отырған павлодарлықтар 100-ден аса отбасын баспанамен қамтуға әзірміз дейді. Сондай-ақ, қоныс аударатын отбасына бір реттік жәрдемақы мен баспананы жалға алу ақысымен қоса коммуналдық төлемдері де төленеді. Бұл көмектер "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында жүзеге асады.