Тиісті Жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Elitar.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Қаулыда волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жыл "Еріктілер жылы" деп жарияланғаны айтылады.
"Волонтер жылын жариялау туралы волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз
№ 135"