21 маусым - дүниежүзілік селфи күні

21 маусым, 14:30

21 маусымда бейресми түрде аталып өтетін дүниежүзілік селфи күні (Selfie Day) – қазіргі заманғы ең танымал хобби түріне арналған мереке.

Мереке алғаш рет 2014 жылы АҚШ-та тойланған. Бастамашы техастық диджей Макнили болып табылады. Олар 2014 жылы АҚШ-та селфидің Ұлттық күнін белгілеуді ойлаған. Бірақ Макнили бастамасы тек Америка ғана емес, бүкіл әлем бойынша интернет пайдаланушылары тарапынан қолдау тапты, ал мереке Халықаралық немесе Дүниежүзілік бейресми мәртебеге ие болды.

"Селфи" -фотоаппараттың, ұялы құрылғының немесе басқа да гаджеттің көмегімен жасалған автопортреттің бір түрі болып табылатын фотосурет. Бұл әуестіктің кең таралуына мобильді құрылғыларда сапалы алдыңғы камералардың пайда болуы, сондай-ақ жасалған суреттерді мобильді қосымшалар арқылы, әлеуметтік желілерде жариялау мүмкіндігі ықпал етті.

21 маусымда селфидің миллиондаған жанкүйерлері мерекеге арналған іс-шараларға қатыса алады, бұл үшін әлеуметтік желілерде олар өз парақшаларына салатын жаңа жарқын және ерекше селфилер дайындайды!