Алматы қаласында 1996 жылы дүниеге келген азамат тұрғындарды қомақты қаржыға алдап кеткен. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды.
«Ол шаһар тұрғындарын алдады деген күдікке ілінді. Дәлірек айтсақ, А.есімді азамат, салған ақшасын пайызбен қайтаруға уәде беріп, түрлі бизнес жобаларға инвесторлар тартқан. Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгені құрады. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Істі қарау барысында оның осыған ұқсас бірнеше эпизодтарға қатысы бар екені анықталды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.