Ақмолалық жүргізуші тәртіп сақшысына пара бермек болған. Өз мәселесін оңай шешкісі келген жүргізуші енді істі болып отыр, деп хабарлайды Elitar.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға «Рубеж-Бурабай» бекетінде орын алған. Жол қозғалысын бақылап тұрған полиция қызметкерлері «Mercedes Benz-200» көлігін тоқтатады. 28 жастағы петропавлдық жүргізуші тәртіп сақшыларына құжаттарын береді. Оны тексеру кезінде полицейлер міндетті сақтандыру жөніндегі заңнамасына қатысты заңбұзушылықты анықтайды. Жауапкершіліктен жалтарғысы келген жас жігіт тәртіп сақшыларына 2000 теңге пара ұсынған. Осы сәтте полицейлер парадан бас тартып, жемқорлық туралы басшылық пен полиция департаментінің қауіпсіздік басқармасына хабарлайды.
«Полицейлерге пара бермек болған азамат ұсталды. Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 367-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.