Коронавирус. Қазақстанда тағы 29 адамнан қауіпті індет анықталды

15 сәуір, 09:45

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жедел штабының мәліметінше, 15 сəуір сағат 09:25-тегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус індетіне тағы 29 адам шалдықты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қ. – 9, Алматы қ. – 6, Шымкент қ. – 1, Атырау облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 6, Маңғыстау облысы – 1, Қызылорда облысы – 3, Қарағанды облысы – 2 адам тіркелді.

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1261 адамға жетті. Олар:
Алматы қ. – 364;
Нұр-Сұлтан қ. – 291;
Қызылорда облысы – 124;
Қарағанды облысы – 80;
Ақмола облысы – 79;
Атырау облысы – 70;
Түркістан облысы – 49;
Жамбыл облысы – 49;
Шымкент қ. – 40;
СҚО – 26;
Алматы облысы – 24;
БҚО – 18;
Ақтөбе облысы – 12;
Павлодар облысы – 11;
Маңғыстау облысы – 11;
ШҚО – 8;
Қостанай облысы – 5.