Елімізде мектеп оқушылары IV тоқсанды қашықтан оқуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрі елордада өткен брифинг кезінде айтты.
Соңғы шешім коронавирус жағдайына байланысты қабылданады. Сонымен қатар министр елдегі мектеп онлайн білім беруге техникалық тұрғыда дайын екенін мәлімдеді.
Еске салсақ, коронавирус жағдайына байланысты мектеп оқушылары каникулға уақытынан бұрын шыққан.
Қазіргі таңда Қазақстанда 4 адам коронавирус жұқтырған.