Биыл жазда Арыстық 4010 баланы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Мұсаев Әбдіхан мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.
27 маусым-9 шілде аралығында барлығы 1395 бала өзге өңірлерге демалуға кеткен. Атап айтқанда, Павлодар облысына – 300, Ақмола облысына - 145, Жамбыл облысы - 223, Алматы - 150, Батыс Қазақстан облысына - 47, Шығыс Қазақстан облысына – 150, Нұр-Сұлтан қаласына - 200, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына – 150 бала демалса, Алматы қаласына 30 әскери қызметкердің балалары барып, тынығуда.