07 ақпан, 15:20
Қайғылы жағдай болған күні кеште олар достарының үйінде отырып, қатты ұрысып қалған, деп жазады Elitar.kz тілшісі.
Іс материалдары бойынша, ұрыстың соңы мұнымен аяқталмаған. Ішіп алған кісінің ашуланғаны сонша, сүйіктісін достарының көз алдында соққыға жығып, одан кейін үйіне алып кеткен.
Келесі күні таңертең ұрыс-жанжал жалғасыпты. Ашулы әрі таяқ жеген әйел кешірім сұрауды талап етеді, бірақ, оның орнына басынан балғамен соққы алған.
– Айыпталушы бұдан кейін келіншекті мойнынан екі қолымен қылғындыра бастайды, - деп жазады ШҚО ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың баспасөз қызметі. – Сот сараптамасы марқұмның 3-5 минут бойы қылғындырылғанын анықтады. Жәбірленуші мойынның механикалық асфиксиясы салдарынан көз жұмған. Жансыз денені көрген айыпталушы жасанды дем салып, көмектеспек болады. Бірақ, барлығы кеш еді.
Соттың үкімімен бұл азаматқа 10 жыл 3 айға қатаң режимдегі түрмеге қамалу жазасы және маскүнемдіктен еріксіз емдеу шарасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Автор:
Марьяна Абдельдинова, ШҚО