Түркістан облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

16 шілде, 16:24

Шымкент-Жібек жолы тас жолы бойында бес адам қаза тапқан ірі жол көлік апаты орын алды. Қайғылы оқиға бүгін 16 шілде күні сағат 13.15 шамасында болған.

"Мерседес" микроавтобусы мен "Камаз" көліктері соқтығысып, салдарынан бес адам көз жұмған. Микроавтобустың жүргізушісі мен тағы алты жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары қызметкерлері жұмыс істеуде.

"Аталған жәйт Қазығұрт аудандық полиция бөліміне тіркеуге алынды. ҚР ҚК нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Мән-жайды полицейлер анықтауда,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.