Ресейде орын алған көлік апатында 5 қазақстандық мерт болды

29 қараша, 06:16

​ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметі бойынша, 28 қараша күні сағат 13:00–де Елшанка ауылының маңында орын алған "Оренбург-Соль-Илецк" автожолының 52 шақырымында MAN жүк автокөлігі мен "Фольксваген Шаран" автокөлігі соқтығысып қалды.​

Көлік апаты салдарынан оқиға орнында 5 адам қайтыс болды. Оның үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылордда өңірінің тұрғындары. Қазіргі таңда қайтыс болғандардың денесін елге алып келу мәселелері қарастырылуда.