500 мың - қазақстандық челлендж бе?

08 қаңтар, 15:10

​Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуі кезінде елдегі тұрғын үйдің қолжетімділігі туралы сұраққа қазақстандық отбасының орташа табысы 500 мың теңгені құрайды деп мәлімдеген болатын.

"Қанша жұмыс істеп келемін, өмір бойы тұрғын үй салудамыз. Бұл бір жағынан жақсы, яғни, халық өсуде, қажеттілік көбеюде. Соңғы уақытта біз көптеген шаралар қабылдадық. ( ... ) "7-20-25" бағдарламасы. Бұрын банке тұрғын үй құнының 50%-на дейін салу керек болды, қазір - 20%, азаматтар үшін мөлшерлеме 7% және 25 жыл несие жеңіл болады. Мәселен, пәтер 10 миллион теңге болса, отбасына ай сайын 50 мың теңге төлеу керек деп есептейміз. Егер отбасыда екі адам Қазақстандағы орташа жалақымен жұмыс істейтін болса, бұл шамамен 500 мың теңге, онда 50 мың теңге деген соншалықты көп ақша емес, оның үстіне ақырын-ақырын төлеп бітіреді" деп мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев елдегі отбасыларда әдетте төрт адамнан көп болатынын атап өтті.

Бұл мәлімдемені естіген қазақстандықтар түрлі вайн түсіре бастады. Біз ең қызықты дегендерін топтастырдық.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы қазақстандық отбасылардың орташа табыс жиынтығы туралы айтқанын жеке вайнерлер өзінше түсінді. Нәтижесінде осындай видеолар пайда болды.





Ал кейбір желі қолданушылары өз парақшаларында төмендегі хабарландыруды жария етті.



Айтпақшы, Экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда орташа айлық жалақы 161,8 мың теңгені немесе 431 долларды құрайды.