Бойжеткенді соққыға жығып, онымен қоймай кезекпен зорлаған 4 ер азамат қауіпсіздігі орташа түрмеге 5,5 жылға қамалды. Осы ретте #НЕМОЛЧИKZ қоғамдық қоры жас қызға жасалған қылмысты жеке бақылауға алуды сұрап, ҚР Жоғары Сотына Ж.К.Асановқа, ҚР Бас прокуроры Қ.П.Қожамжаровқа, ҚР ІІМ Қ.Н.Қасымовқа өтініш жасайды, деп жазады Elitar.kz қоғамдық қорға сілтеме жасай отырып.
Шетелден еліне келген жас қызға не болғаны, бойжеткенді 4 еркектің қалай қорлағаны және оларға қандай жаза берілгені қоғамдық қордың әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған. Назарларыңызға қордың жазбасын ұсынамыз:
«Бізге жәбірленушінің әкесі көмек сұрап келді, ол БАҚ-пен де, атқарушы органдармен де бірге жұмыс істеуге дайын!
Қазақстандық жас қыздың жағдайы үйіне келгенге дейін жақсы болатын. Ол АҚШ-тағ оқуын жақсы аяқтады, шетелде бір жыл жұмыс істеген соң тағы да оқуын жалғастыру мақсатында құжаттарын рәсімдеу үшін отбасына Балқашқа оралды.
Сол бір қайғылы күнді бойжеткен пен оның туыстары ешқашан ұмытпас.
Жәбірленушіні Гауһар деп атайық (есімін өзгертіп алғанымызды барлығы түсінер). Гауһар сол күні балалық шақтан келе жатқан достарымен кездесіп, үйлеріне жақын жердегі түнгі клубта жақсы демалады.
Түнде клубқа 4 ер кісі келді. Олар клубқа кірі үшін ақы төлегілері келмеген соң күзетшілер шығарып жібереді. Содан олар клубтың жанында көлікте отырып ішеді.
Түнгі сағат 01:30 шамасында қыздар үйге қайтпақ болады, ал жігіттер өздері қалады. Гауһар сыртқа шыққан кезде жігіттер оған жабыса кетеді, біреуі күштеп көлікке кіргізбек болған кезде ол айқай салады. Мұны көрген клубқа келушілер дауыс көтереді. Осы сәтті пайдаланған Гауһар қашып кетеді. Бірақ, төртеудің бірі арам ойынан қайтпай, қыздың соңына түседі. Гауһардың жолы болмады, соңынан келген көліктен екі жігіт түсіп, ішке күштеп кіргізіп алады. Зорлау үшін көлге алып кетеді. Мұны кейін тек куәгерлер ғана емес, түнгі клубтың әкімшілері де растады. Олар қызды көлікке салып, алып кеткенін айтқан. Дегенмен, ешкім шара қолданбады.
Қаскөйлер Гауһарды машинаның ішінде ұрып-соға бастағандықтан, ол есін жоғалтады. Қайта есін жиғанда тағы да қарсыласып, тағы да соққыға ұшайды.
Олар Балқашқа бет алған жолда көлік құмға тығылып, сол жерге тоқтайды. Көлдің жағасында қызды кезекпен зорлап, ұрып-соғып, әбден қинайды. Бойжеткен әрең қашып құтылып, жалаңаяқ бет алды қаша береді. Ал зорлықшылар ішкен арақтан мас болғандықтан болар, қалып қояды.
Гауһар нан зауытына дейін келіп, қоршаудан асып түсіп, қарауыл әйелден көмек сұрайды. Бірақ, ол міз бақпаған. Содан кейін бойжеткен жолға шығып, көлік тоқтатып үлгереді. Ал таңертең Қарағандыда жүрген әкесіне қоңырау шалып, болған оқиғаның барлығын айтып береді. Әкесі полицияға баруға кеңес беріп, өзі де шұғыл жолға шығып кетеді.
Бұл оқиға Нұргүл Құсылбекованың басынан өткен жағдайға қатты ұқсас. Оны да ұрлап кетіп, көлік тығылып қалған, жолда соққыға жығып, зорлаған. Өлтірмек те болған. Нұргүл сияқты қарсылық көрсеткен Гауһар да кішкентай ғана талдырмаш бойжеткен! Нұргүлді құрбысы сатып кетсе (ол кейін 2,5 жылға түрмеге қамалды), Гауһарға қарауыл әйел көмектеспеді (ол кейін полицияға түнде көмек сұраған қызға сенбегенін айтады).
Бірақ, мұнда үлкен айырмашылық бар. Нұргүлді зорлаған екеу 12 жылға қатаң режимдегі түрмеге қамалды. Ал Гауһардың жағдайында зорлықшылар төртеу болған және олар қауіпсіздігі орташа түрмеге 5,5 жылдан қамалды!
Ал енді мына қызыққа қараңыз!
Сотталушы Дархан Т. 1985 жылы туған, ұлты қазақ, үйленбеген, орташа білімді, жұмыссыз, бұрын сотты болмаған.
Сотталушы Сағдат Т. 1989 жылы туған, ұлты қазақ, үйленбеген, орташа білімді, жұмыссыз. Қылмыс жасаған уақытта ҚР ҚК 188-бабының 2-тармағы, 1-3-бөлімі бойынша жазасын өтеп жүрген, яғни, 2018 жылдың шілде айында 3 жылға бас бостандығы шектелген болатын. Яғни, топпен жасаған қылмысы үшін жазаға тартылған. Қылмысты ізгілендіру аясында болар, оның жазасы 2018 жылдың 18 қыркүйегі күні 2,6 жыл бас бостандығынан шектеуге дейін азайтылады.
Сотталушы Азамат Б. 1985 жылы туған, ұлты қазақ, үйленбеген, орташа білімді, жұмыссыз. Бұрын сотты болып, жазасын өтеп шыққан.
Ал енді соңғы жағы АРНАЙЫ ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ, ГЕНЕРАЛ Қ.Н.ҚАСЫМОВ ҮШІН БАС ӘРІПТЕРМЕН!
АРХАТ М. 1986 ЖЫЛЫ ТУҒАН, ҚАЗАҚ, ҮЙЛЕНГЕН, ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ, ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН УАҚЫТЫНДА БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНДЕ ШҰҒЫЛ КЕЗЕКШІ ЛАУАЗЫМЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕН. БҰРЫН СОТТЫ БОЛМАҒАН.
Құрметті министр мырза, дәл Сіздің қызметкеріңіз Гауһарды көлікке күшпен кіргізген, түнгі клубтың жанындағы камера дәл СОНЫ жазып алған, сыбайластарының айтуынша, бойжеткенді зорлауды бастаған дәл СОЛ, «себебі оған әйелі қайта-қайта қоңырау шалып, үйіне асығып тұрды».
Енді қылмыс туралы!
Түсініксіз, дегенмен қылмысты тек 120-баптың 2-бөлімі, 1-тармақшасы және 121-баптың 2-бөлімі, 1-тармақшасымен қозғаған!
НЕЛІКТЕН БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ БЕЙНЕКАМЕРАЛАРҒА ЖАЗЫЛҒАН, АДАМ ҰРЛАУҒА ҚАТЫСТЫ НАҚТЫ ДӘЛЕЛДІҢ БАРЛЫҒЫН, КУӘГЕРЛЕРДІҢ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АЙТҚАНДАРЫН ЖИНАП АЛЫП, «АДАМ ҰРЛАУ» БАБЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ?
Әлде Балқаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері қатысты болған соң оның әріптестері жазаны жеңілдетуге тырысты ма? Ол бап туралы білмейтін үшін арнайы айтайын, ол 120 және 121-баптардан ауыр әрі топпен жасалған:
125-бап. Адам ұрлау
1. Адам ұрлау 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасымен жазаланады.
2. Осы іс-әрекет, егер:
а) алдын ала сөз байласу арқылы топпен жасалса;
в) адам өмірі немесе денсаулығы үшін қауіп төнетіндей күш қолданылса;
7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу немесе онсыз жазаланады.
Балқаш қалалық сот 2019 жылдың 16 қаңтары күні шығарған үкімде былай деп көрсетілген:
- «жоғарыда көрсетілген барлық жеңілдету және ауырлату жағдайларын, сотталушылардың мінез-құлқы мен қоғамға қауіптілігін, сонымен қоса, прокурор мен жәбірленушінің бас бостандығынан айыру туралы пікірін ескере отырып», сот үш сотталушыны 5,6 жылға және біреуін 5,3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сот үш айыпталушыға 1 200 000 теңге моральдық өтемақы, ал полицейге 600 000 теңге моральдық өтемақы төлеуді тағайындады.
Ал жәбірленуші айыпталушылардың ӘРҚАЙСЫСЫНА 10 ЖЫЛДАН, ПРОКУРОР ӘРҚАЙСЫСЫНА 8,6 ЖЫЛ МЕРЗІМ беруді сұраған болатын!
Сонда СОТ ЖӘБІРЛЕНУШІ МЕН ПРОКУРОРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАЙ ЖЕРДЕ ЕСКЕРІП ОТЫР?
Сот процесі 4 айға созылды. Сот жәбірленуші қылмыс болған сәтте, тергеу және сот процестері кезінде тартқан психиологиялық зардапты ескермеді. Сот қылмыстың ауырлығын ескермеді, жәбірленушінің жағы сынып, бас-миынан жарақат алды, қабырғасы соғылды, топ адам оны қорлады, зорлады, айыпталушылардың барлығы мас халде болды, ал бұл жазаны ауырлататын жағдайға жатады.
Есесіне СОТ жұмыс істемейтін және үйленбеген сотталушылардың барлығының тәрбиесінде кенет жасы кәмелетке толмаған балалар бар екенін ЕСКЕРДІ, ал бұл жазаны жеңілдететін жағдай саналыпты. Бірақ сот айыпталушының бірінің бұған дейін сотты болғанын, ал бірінің қылмыс болған сәтте жазаны өтеп жүргенін ескермеді, СОНЫМЕН ҚОСА ЗАҢНЫҢ САҚТАЛУЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚЫН ҚОРҒАП ЖҮРЕТІН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІРІНІҢ АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНЫН ескермеді!»