Алматыда тағы бір жағдай: Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 81 адамға жетті

26 наурыз, 01:16

Денсаулық сақтау министрлігінің 26 наурыз, сағат 01.10-дағы жағдайдағы мәліметі бойынша Қазақстанда тағы бір Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды.

Қазіргі таңда еліміз бойынша аталған індетке 81 адам шалдыққан. Олар:

Нұр-Сұлтан – 41 жағдай,
Алматы қаласы – 32 жағдай,
Қарағанды - 2 жағдай,
Алматы облысы - 1 жағдай,
Ақтөбе облысы - 1 жағдай,
Шымкент - 2 жағдай,
Жамбыл облысы - 1 жағдай,
Солтүстік Қазақстан облысы - 1 жағдай.