Түркістан облысының 8 ауылы газдан ажыратылды

12 сәуір, 20:23

Жетісай-Жылысу трассасының бойындағы жерасты газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде ҚазТрансГаз Аймақ компаниясының мамандары газдың ысырап болып ауаға кетіп жатқанын анықтады. Ол жердегі газ концентрациясы 15% құрады. Мамандар тез арада мәселені шешті.

Қазір газбен қамтамасыз ету жүйесінен 8 елді мекен ажыратылды. Олар Жылы су, Мақташы, Қоғалы, жемісті, Атамекен, Мырзашоқы, Баққоныс, Талапты ауылдары. Бұл 10 кәсіпорын, жеке сектордағы 2000 абонент.
Қазір жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.