МҚІСҚА білім вице-министріне қатысты тергеу жүргізуде

06 маусым, 10:16

Қазақстанның Білім және ғылым вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл хабарды Қазақстан Sputnik тілшісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның баспасөз қызметі растады.

Білім және ғылым вице-министрінің неден жаза басқаны әзірге айтылған жоқ.

Білім министрлігінің сайтында хабарлағандай, ведомство штатында төрт вице-министр бар: бірінші вице-министр Бибігүл Асылова, сондай-ақ Фатима Жақыпова, Эльмира Суханбердиева және Рүстем Биғари.

Бұған дейін 5 маусымда әлеуметтік желілерде Эльмира Суханбердиеваны тұтқындау мүмкіндігі туралы ақпарат пайда болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде вице-министрдің есімі, сондай-ақ тергеудің жай-жапсары нақтыланбады. 2019 жылдың ақпанынан бастап Қазақстанның Білім министрлігі Күләш Шәмшидинова басқарады.