13 ақпан, 13:32
Бірақ, өзі көп ұзамай полицияның қолына түсті, деп жазады Elitar.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жас күдікті Сарыағаш ауданында әрекет еткен. Ол мемлекеттік баспана әперемін деп, жергілікті тұрғынның миллиондаған теңгесін алған. Жәбірленуші алаяққа 4,5 млн теңгесін беріп, баспана ала алмаған соң ғана полицияға хабар берген.
Сарыағаш аудандық полицейлердің анықтағанындай, алаяқ ойын былтырдан бастап іске асыра бастаған. Сол кезде күдікті жәбірленушіден 500 мың теңге алады. Одан кейін тағы, уақыт өте келе тағы ақша алады. Соңында жәбірленуші алаяққа 4,5 млн теңге берген.
Қазіргі таңда бұл факт ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Тергеушілер алаяқтың осындай өзге де қылмыстарға қатысын тексеруде.
Егер алаяқтың құрбаны болғыңыз келмесе, барлығына бірдей сене бермеңіз. Ал кез келгенмен бөліскен мәліметіңіз өзіңізге қарсы қолданылуы да мүмкін.
Ал полицейлер кімде-кім осындай қылмыстың құрбаны немесе куәгері болса, тез арада Түркістан облыстық полиция департаментіне 102 телефоны арқылы хабар беруді сұрайды.
Автор:
Elitar.kz