ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Nur Otan» партиясындағы қоғамдық қабылдау кезінде «Кел, келінім», «Қалауым» және «Өз ойым» бағдарламалы туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
Алматы тұрғыны Бибігүл Ысқақова аталған бағдарламалардың қоғамға рухани тұрғыда зиян екенін айтып, ең болмаса бағдарламалардың көрсетілу уақтысын өзгертуді сұрады.
«Бүгінде
телеарналар рейтингтің құлы болып
кетті. Соның бірі - 7-ші арнадағы «Өз
ойым» бағдарламасы. Оны түскі сағат
15:00-де көрсетеді. Ол кезде үйде отырған
әйелдер мен апалар көреді. Балалар да
көреді. Өзім көріп едім, сұмдық бағдарлама
екен. Шетелде талай рет болдым, түскі
уақытта ондай масқараны көрген емеспін.
Мәселен, Ресейдегі «Дом-2»-ның өзін түнде
көрсетеді. Ал біздегі «Өз ойым»-ды түсте
көрсетіп, жыныстық қатынас туралы ашық
айтады», - деді Б.Ысқақова.
ҚР
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Дәурен Абаев өтінішті
мұқият тыңдап, жобаларға қатысты өз
пікірін айтты. Оның сөзінше Қазақстанда
цензураға орын жоқ.
«Біріншіден,
бұл жекеменшік арна. Мен министр ретінде
тек терроризм немесе балаларға қарсы
бір теріс контент болса ғана араласып,
ондай үгіт-насиxатқа әсер ете аламыз.
Әйтпесе, цензура болып кетеді. Мәселен,
қазір сіздер маған «Өз ойым», «Қалауым»
сияқты бағдарламаларды неге жаппайсыз
деп ұрсасыз да, ал осы жерден шыққаннан
кейін мені сөз бостандығына шектеу
қойды деп сынайды. Сол себепті бұл
жердегі басты мәселе, көрерменнің
қалауы. Себебі әрбір ата-ананың қолында,
баланың қолында теледидардың пульті
бар. Қандай бағдарлама көретінімізді
өзіміз таңдауымық қажет. Екіншіден,
ата-аналардың жауапкершілігі де бар.
Балалар қандай арнаны көріп отыр? Қандай
әлеуметтік желілерде отырады? Осыны
ата-аналар бақылап отыруы қажет», - деді
Д.Абаев.